Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

"Қазақстанда газ тапшылығы туындауы мүмкін"- Энергетика министрі

AstanaTV
25.04.2022ж. 20:00
1136
"Қазақстанда газ тапшылығы туындауы мүмкін"- Энергетика министрі

Елдің солтүстігі көгілдір отынның шапағатын қашан көреді? Осы сауал бүгін сенаторлардың да қызығушылығын тудырды. Олар Энергетика министрін сұрақтың астына алды. Жауапты министр солтүстікке газ тіпті 2025-ші жылға дейін келмеуі мүмкін екенін айтты. Депутаттардың да күдігі басым болып шықты.

Ерік СҰЛТАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

"Сарыарқа" магистральдық газ құбыры құрылысының қарқыны өте баяу. Бұған дейін, 2025 жылға қарай аяқтау жоспарланған болатын. Бірақ,  солтүстік және шығыс өңірлерді газдандыру жұмыстары аяқталмайтыны анық. Сонымен қатар, біз осы мәселелердің барлығын газ саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарында көрсетуді ұсынамыз және тиісінше жеделдету жұмыстарын жүргіземіз.

Сенатор кез келген уақытта газ беру тоқталуы да ғажап емес деді. Өйткені магистральдық желілердің тозуының орташа деңгейі 75%-ға жеткен. Ал министр тіпті газ тапшылығы туындайтынын мойындайды. Өйткені бүгінгі күні ішкі нарықта көгілдір отын тұтынушылар 35 пайызға артқан.

Болат АҚШОЛАҚОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

Қазақстанда 2025 жылға қарай газ тапшылығы болуы мүмкін. Тау-кен металлургия кәсіпорындары көмірден газға белсенді көшетін болса, онда тапшылықтың көлемі де ұлғаяды. Осы жағдайларда елдің ресурстық базасын толықтыру туралы мәселе туындайды, ол үшін газды барлау, өндіру және қайта өңдеу сияқты барлық кезеңдерде газ жобалары үшін преференциялар қажет.


Ә. Дүкембаева