Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Елордада ұстаздар саябағы ашылды

AstanaTV
25.05.2022ж. 20:00
1386
Елордада ұстаздар саябағы ашылды

Елордада еуразия ұлттық университеті жанынан ұстаздар саябағы ашылды. Шараға қала әкімі Алтай Көлгінов қатысып, мұғалімдерді оқу жылының  аяқталуымен құттықтады. Сондай-ақ, мыңнан жүйрік шәкірт тәрбиелеген педагогтарға, ақшалай гранттар табыстады.Толығырақ алдағы сюжетте.

Саябақ қала тұрғындары үшін тартымды орындардың біріне айналса, ұстаздар мен студенттердің пікір алмасатын алаңы болмақ.    Қала әкімі Алтай Көлгінов сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеп отырған ұстаздарға алғыс білдірді.

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Оқушылар жоғары жетістікке жетіп келеді. Биылдың өзінде де 24 алтын, 29 күміс,  40 қола медаль олимпиадаларда алды, республикалық жүлдеге ие болды. Ол- сіздердің еңбектеріңіз. Соған біз мақтанамыз. Сіздерге ризашылығымызды білдіреміз, рақмет!


Жиында қала әкімі ұстаздарға 10 млн теңгелік сертификат табыстап, жемісті еңбек еткен педагогтерге қолдау білдірді.

Ғаждембек ТҰРСЫНОВ, "АСТАНА ДАРЫНЫ" ДДжПСО ДИРЕКТОРЫ:

Елордамызда ерекше дәрежеге жеткен ұстаздар шақырылып, Алтай Көлгіновтың атынан грант беріліп отыр әрбір мұғалімге 300 мың теңгеден. Яғни бұл дегеніміз жыл бойы, өзінің саласы бойынша, пәні бойынша еңбек етіп, жалпы республикалық, халықаралық олимпиадаларда жүлдеге жеткен шәкірттерді дайындаған ұстаздар.


Жиында болашақ педагог студенттерге де сөз берілді. Олар Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі тарапынан берілген грант бойынша білім алады. Бұған дейін  де   жастарға арнайы гранттар үлестіріліп келген. Жаңа оқу жылында тағы мың грант бөлу көзделген.

Әсел АСАНОВА, СТУДЕНТ:

Әкімнің грантымен қазір мектепке дейінгі оқыту және тәрбие мамандығында оқып жатырмын. Осы гранттың арқасында, қазіргі осы алып жатқан білімімді  толық меңгеріп шықтым. Алдымызға қойған мақсатта мектепке дейінгі мекемелерде білім беру.

Қазір мемлекет басшысының тапсырмасына орай мұғалімдерге жағдай жасау басты назарда. Соңғы үш жылда Елордада 70 мың оқушыға арналған 34 мектеп салынды. Жас педагогтарға "Елорда жастары" бағдарламасы бойынша тұрғын үй  беру сияқты да түрлі қолдаулар көрсетілуде.

Б. Сатуов