Алматы облысында ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері 50 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі хабарлады.
Арман Тілеукеновтың айтуынша, ауыл шаруашылығы басқармасының экс-басшысы қаржы институтының басшысымен сөз байланысқан. Сөйтіп агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның қаражатын жымқырған. Қазір күдіктілерге қатсты сотқа дейінгі тергеу басталған. Кінәсі дәлелденсе шенділер 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Арман ТІЛЕУКЕНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Алматы облысының Антикоррупциялық қызметі аймақтың ауыл шаруашылығы басқармасы экс -басшысы мен лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Олар қаржы институтының басшысымен алдын-ала сөз байланысу арқылы 50 миллион теңге соммасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Тергеу жалғасуда.
Ә. Лесбек