Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қарағандыда заңсыз жұмыс істеген покер клубы әшкереленді

AstanaTV
26.05.2022ж. 20:00
1441
Қарағандыда заңсыз жұмыс істеген покер клубы әшкереленді

Қарағанды қаласында заңсыз жұмыс істеген покер клубы әшкереленді. «Покер» карточкаларымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған    облыс тұрғыны болып шықты. Ол «STOP- ойын» жедел- іздестіру шарасы аясында анықталған. Астыртын клубтан айғақ заттар да табылды. Шамамен 1 млн теңге, 300 доллар көлемінде ақша мен арнайы покер жабдықтары тәркіленді. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Әлібек ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ  АГЕНТТІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері полициямен бірлесіп азаматтың заңсыз әрекетін әшкереледі. Ойын карталары, фишкалар және покер ойнауға арналған 6 үстел табылып тәркіленді. Заңсыз ойын ұйымдастыру бабы бойынша  қылмыстық іс қозғалып сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

А. Қуаш