Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

"Күн 60 градус ыстық. Вагонның іші екі есе ыстық",-кәсіпкер

AstanaTV
27.05.2022ж. 20:00
1345
"Күн 60 градус ыстық. Вагонның іші екі есе ыстық",-кәсіпкер

Түркістандық кәсіпкерлер тығырыққа тірелді.  Айтуларынша, Өзбекстаннан қақталған жеміс-жидек тиеп келген тоғыз  вагон тауар Сарыағаштағы кеден бекетінде қаңтарылып  тұр.  Өнімдерді түсіре алмай отырғанымызға бір апта болды дейді. Бұған не себеп? Мәселенің мән-жайын тілшіміз жеткізеді.

Қырыққа жуық кәсіпкердің  Сарыағаш стансасына қарасты кеден бекетінің  уақытша сақтау қоймасын жағалап жүргеніне аптаға жуықтаған. Айтуларынша, кепкен жеміс-жидек тиелген тоғыз вагон жүкті түсіре алмай жүр.  

Дастан УӘЛИЕВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

Экономикалық тергеу департаментінің бұйрығы бойынша біздің товарларды бергізбей жатыр. Вагонды ашып ашып фураларға салдық, ал фураларды жібермей жатыр қазір. Біз СВХдан сұрасақ СВХ таможняға айтады,  таможня экономикалық тергеу департаментіне жауып отыр енді.

 
Жанболат ТОҚТАМҰРАТ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:


Осындай кедергілер постоянно болып жатыр. Бізден басқа кеше екі вагон басқа фирмаға келді. Барлық машинасы досмотр болып шығып кетті. Біздікі 20-майдан бері әлі тұр. 6 күн болды. Күн 60 градус ыстық. Вагонның іші екі есе ыстық. Барлық тауарлар айнып кететін болды. Соған шырылдап жатырмыз.   
 
Кәсіпкерлер екі жылғы карантиннен кейін енді ғана несие алып, тірлікке кіріскендерін айтады.   Есептерінше, тоғыз вагонда 600 тонна  өрік-мейіз, жаңғақ дәндері секілді  өнімдер бар.  

Жандос ӘШІРҚҰЛОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

50 мың долларлық тауарым қазір күйіп кетсе, мен сол 50 мың долларға шығынданам да сата алмаймын уже. Оны кімнен өндірем мен, сол маған уайым болып жатыр. +Қазір бізде ашылған бір вагонның деклорациясы бар,соны шығара алмай отырмыз.

 
Тоғыз вагонның төртеуі жасыл дәліз арқылы кедергісіз өтетін өнім дейді кәсіпкерлер. Ал бесеуінің біреуін кеденшілер мен экономикалық тергеу департаментіндегілер тексеріп қойыпты. Бірақ жүк көліктерге тиелген  тауардың өзін қоймадан шығармай отырғанын айтады.  Өздерін де жолатпайтын көрінеді.  

Ал кедендегілер бізге қатысты мәселе жоқ дейді. Тек алғашқыда бір вагоннан қырық тоннадан астам тауар артық шығып,  сәл кідіріс болған. Бірақ, ол реттелген.  

Талғат ТӨЛЕГЕНОВ, САРЫАҒАШ КЕДЕН БЕКЕТІ БАСТЫҒЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:


Барлық кедендік БАЖ салықтары өндірілді. Өндірілген соң біз выпускіге печать бастық. Енді бұл жүктер СВХ-да тұрғандықтан өздері алып кетуі керек заң бойынша, зеленый коридор болғаннан олар кете беруі керек заң бойынша.
 

Ал аты аталған жауапты департаменттегілер әзірге «тексеріп жатырмыз» деген қысқа жауаппен шектелді. Бірақ қойма басына барған өкіл тоғыз вагонның қаңтарылып тұрғанынан хабарсыз көрінеді.

Нұрдәулет ЕРГЕШОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Нақты құжаттар тексеріліп, одан кейін қортынды шығарып, одан кейін шешім қабылданып, тексеру аяқталған кезде жібереміз.

Алайда, бұл жауапқа кәсіпкерлер қанағаттанып отырған жоқ.  Қалай болғанда да, мәселенің тез шешілуін талап етуде.
 
А. Төребекқызы