Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Шымкентте шұңқырға түсіп кеткен жылқы құтқарылды

AstanaTV
06.06.2022ж. 20:00
1300
Шымкентте шұңқырға түсіп кеткен жылқы құтқарылды

Шымкентте жылқы қалдық сулар жиналатын кәріз шұңқырына түсіп кеткен. Қайнар бұлақ тұрғын алабындағы жеке үйлердің біріне тиесілі септиктің тереңдігі төрт метрдей. Ашық құдықтан жануарды шығарып алу үшін құтқарушыларды шақыруға тура келген. Өйткені шұңқыр терең болғанмен, ені  -тар. Бір жерде кептеліп қалған жылқыны мамандар альпинистік құрал-жабдықтар мен арнайы техниканың көмегімен сыртқа алып шықты. Жылқы аман болғанымен бірәз уақытқа дейін орнынан тұра алмапты. Себебі аяқтары ұйып қалған. Төтеншеліктер құтқарылған малдың иесі табылмағанын хабарлады. Айта кетейік, жыл басынан бері құтқарушылар  7 рет осындай жағдайға тап болған.

А. Төребекқызы