Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Алматыда әскери қызметшілер ер адамды өрттен құтқарды

AstanaTV
06.06.2022ж. 20:00
1027
Алматыда әскери қызметшілер ер адамды өрттен құтқарды

Алматыда әскери қызметшілер егде жастағы ер адамды өрттен құтқарды.  Абылайхан Омаров пен Талғат Әбжанов ауласында автокөлік жөндеп жатқан. Көрші көшедегі түтінді көріп, онан кейін көмек сұраған дауысты естіген  олар сол жерге дереу жүгіріп жетіпті. Қалың қара түтін жеке үйдің ауласында орналасқан ғимараттан шыққан. Әскери қызметшілер зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетіп, медициналық және өрт сөндіру бригадаларын шақырды. Зардап шеккен азамат  қазір   ауруханада.   

Елдос СМЕТОВ, №4 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ КОМБУСТИОЛОГ ДӘРІГЕРІ:

Науқастың жағдайы ауыр. Термиялық күйік. 45 пайыз жарақаты. Оның ішінде 25 пайызы өте терең. Қазір протоколға байланысты ем қабылдап жатыр.