Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Шымкентте көлік салығының берешегі 1,5 млрд теңгеден асады

AstanaTV
13.06.2022ж. 20:00
1103
Шымкентте көлік салығының берешегі 1,5 млрд теңгеден асады

Шымкентте салықтан жалтарған автокөлік жүргізушілері орта жолда жаяу қалып жатыр. Уақытылы салық төлемей жүргендердің қарызын  мамандар мәжбүрлі түрде өндіруге кіріскен. Бүгінде қала бойынша 40 мыңнан астам жүргізушінің берешегі бар. Өндірілмеген салықтың жалпы сомасы 1 млрд 663 млн теңгеден асады,- дейді кірістер департаментінің өкілі. Қарызы барларды анықтауда көше бойындағы бейнекамераларының көмегіне жүгінуде. Жылдар бойы көлік салығын төлемей жүргендердің арасында жол талғамайтын қымбат көліктер де аз емес. Мемлекеттік кірістер департаменті мен полицейлердің бірлескен рейд жүргізу барысында тоғыз күнде 13 автокөлікті айып тұраққа қойылды. Олардың салығы 16 млн теңгеден асады дейді мамандар.

Аббасхан СЕЙДАХМЕТОВ, ШЫМКЕНТ қ. КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:


Салықты екі-үш жылдап төлемеген азаматтар олар қалада тоқтатылған жағдайда сол тоқтатқан кезде төлей алмаса автокөлігі айыппұл тұрағына қойылады. Әрі қарай жеке сот орындаушыларымен бірлесіп жұмыс істейміз.


А. Төребекқызы