Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Батыс Қазақстан облысында газ тапшы

AstanaTV
07.07.2016ж. 20:00
2172
Батыс Қазақстан облысында газ тапшы

Оралда биыл да газ тапшы. Қазір қаладағы газ құю бекеттері сұйылтылған газды тек талонмен ғана беріп жатыр. Ал облыстағы қоғамдық көліктердің 90 пайызы отынның осы түрін пайдаланады. Ал Оралдағы 164 мың автокөліктің үштен бірі газбен жүреді. Сала мамандары сұйық отынды тасымалдауда қиындықтар туғанын айтады. Орал-Дариян тас жолында жасалып жатқан жөндеу жұмыстарынан отынды жеткізу қиындаған. Өйткені кедір-бұдырлы жолмен газды әкелу өте қауіпті.

Мұрат Бәйменов, БҚО ТҮКШ және энергетика басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

5-6 шақырым өте қауіпті участок бар. Сұйылтылған газ өте қауіпті өнім болғасын, жол тегіс болуы керек. Егер жолды ретке келтіріп берсе, Жайық мұнайдан күніне 20 шақты машина қалаға келеді. Қазір жағдай дұрысталды.

Айта кетелік, оралдық жүргізушілер былтыр да газдан қатты тарықты. Жергілікті билік мұны газбен жүретін көлік иелерінің құжаттарын рәсімдемегенімен түсіндірді. Осының кесірінен облысқа бөлінер газ көлемін көбейту қиынға соққан. Былтырға дейін облыс ай сайын 800 тонна газ тұтынып келсе, кейін бұл мөлшер 2 мың тоннаға жетті.

Еркін КАРИН