Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Балалардың түнде жүруі қалыпты ма?

AstanaTV
29.06.2022ж. 20:30
1593
Балалардың түнде жүруі қалыпты ма?

Түнгі рейд барысында 10 жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды. Құзырлы органдар оларға ескерту жасап, екінші рет балаларын қараусыз қалтырған жағдайда айыппұл салынатынын ескертті. Бұл - "Түнгі қаладағы балалар" шарасы аясында өтіп жатқан республикалық рейд. Еріктілердің айтуынша, түнде балалар өте көп жүреді, жасөспірімдер есірткіге әуес болғанында байқадық дейді. Рейдке қатысқан тілшіміздің репортажы.

Әсел ДҮКЕМБАЕВА, ТІЛШІ:

Қазір сағат тілі кешкі 10-ды көрсетіп тұр. Ал заң бойынша оннан кейін балалар ата-анасының рұқсатынсыз шығуға да болмайды. Біз дәл қазір елорда іргесіндегі Қосшы қаласындамыз. Мұнда полиция қызметкерлері мен еріктілермен бірге рейдке шығамыз. Қосшы қаласының тұрғындары бұл ережелермен таныс па? Бақылап көрелік.

Көшелер мен ойын-сауық орындарын араладық. Полицейлер саябақтар мен скверлерді, қараусыз қалған үйлерді және жасөспірімдер жүреді-ау деген басқа да жерлерді тексеріп жатыр. Еріктілердің айтуынша, жеткіншектер арасындағы қылмыс біршама артқан. Бұл түнде қалада емін еркін жүргендерінің салдары дейді. Ал қала тұрғындары баланың өмірі ата-ананың жауапкершілігінде дейді.

Еркебұлан МЫҢЖАСАРОВ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біріншіден әрине баланың өміріне ата-ана жауапты. Бұл сұрақ талқыланбауы да тиіс. Сондықтан мүмкіндігінше бәріміз ата-ана ретінде, қала басшысы ретінде, тұрғыны ретінде қауіпсіз болуын жұмыла жұмыс жасауымыз керек.

Дейтұрғанмен түнгі ойын-сауық орындары ерекше назарда. Еріктілердің айтуынша, 3 жастан жоғары балалар кешкі уақытта көп жоғалады.

Қуаныш ШӘРІПОВ, ЕРІКТІ:

Әр қалай жоғалады. Көбінесе кешкі уақытта көп қателіктер ата-аналары балаларына қарамайды. Ең кішкентай дегенде 3 жастан басталады. Көбінесе ойнап жүріп адасып кетеді.


Рейд нәтижесінде қаладағы көшелерде ата-анасының қарауынсыз жүрген төрт жасөспірім тәртіп сақшыларының көзіне түсті.

Әсет БАЙТЕЛЕНОВ, ҚОСШЫ қ. ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ:

Айына 15 хаттама тіркелді. Осы 402 бабымен 12 де,15 те жасты балалар жүрген.

Жалпы, түнгі қаладағы балалар акциясы жылдың әр мезгілінде жиі ұйымдастырылып отырады. Полиция инспекторлары ғана емес, балалардың түнде жүрмеуіне, тәртібіне мұғалімдер де, ата-аналар да мүдделі болуы тиіс дейді мамандар.

Ә. Дүкембаева