$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Өзбекстан азаматы Атырауда нашақорлар притонын ұйымдастырған

AstanaTV
01.07.2022ж. 20:00
2035
Өзбекстан азаматы Атырауда нашақорлар  притонын ұйымдастырған

Өзбекстандық әйел Атырауда  нашақорлар  притонын ұйымдастырған. Ол жерде тіпті интимдік қызметтер   көрсетілген. Жалдамалы пәтерін есірткі ұйығына айналдырған 24 жастағы келіншек Қазақстанға биыл сәуір айында келген.  Содан бері еш жерде заңды жұмыс істемепті. Тінту кезінде үйден ұнтақ тәрізді заты бар 2 полиэтилен пакет, өсімдік тектес қағаз түйіншек және синтетикалық есірткіні қолдануға арналған шыны құрылғылар табылып, тәркіленді.   Өзге елге келіп, ойына келгенін істеген ол   бұған дейін де есірткі  заттарын заңсыз дайындап, сақтағаны үшін істі болған көрінеді.

Айша ТАЛАПКЕР, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:


Атыраулық полицейлер жалдамалы пәтерінде есірткі заттарын заңсыз сақтаумен айналысқан  1998 жылы туылған Өзбекстан Республикасының азаматшасын  анықтады. Соттың сараптамасына сәйкес,  тәркілеген заттардың психотроптық  заттар, кептірілген марихуанна екені анықталды. Қазір уақытта аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 296 бабы  4 бөлігімен  сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Б. Надірқызы