Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Елордадағы ақылы автотұрақ саны 24-тен 536-ға дейін көбейген

AstanaTV
19.07.2022ж. 20:00
1971
Елордадағы ақылы автотұрақ саны 24-тен 536-ға дейін көбейген

Елордадағы ақылы автотұрақ саны бір жылда  24-тен 536-ға дейін көбейген. Бизнес өкілдері бұған наразы. Нұр-Сұлтан қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиевтың айтуынша, сауда үйлері мен орталықтарын жалға алушылар  «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына   шағымданған.

Бейсен ЖОЛБОЛДИЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
 
Бірнеше рет көтердік бұл мәселені одан бөлек Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бәсекелестік кеңесте бар. Ол жерде де тиісті хаттама жіберіліп кәсіпкерлердің құқықтары бұзылған жайлы. Әкімдік тарапынан да қайта қарастыру керек.  

Құрылыс нормасы мен ережесіне сәйкес, әр бизнес нысанының жанынан 67 көлік тұрағы берілуі керек.  Бірақ бұл ескеріліп отырған жоқ дейді кәсіпкерлер. Ал жауаптылар, кейбір нысанның иелері ақылы тұрақты өздері сұрап алатынын айтады.  

Шыңғыс ДОСЫБАЕВ, «АСТАНА КӨЛІК ТҰРАҒЫ КЕҢІСТІГІ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Бізге өтініш хат жазып, ақылы тұрақ қойылатын бизнесмендер   бар. Оларды жоққа шығара алмаймыз. "Москва" бизнес орталығы өздері хат жазған, әрине жағдай ол жақта өте қиын. Сондықтан олар ақылы тұрақ қойғызған. Олар "ақылы тұрақ" мәселені шешеді деп ойлайды.  

Қала тұрғындары да бұл "ақылы автотұраққа" қарсы. Қалта  көтермейді дейді.   

БЛИЦ:

- Мына Артемның артқы жағын көріңіз, платный парковка істеп қойған. Бір жағдай жасалмаған ол парковкіге.

- Административный зданиялердің қойған дұрыс болады.  Бизнес центр. Бәйтеректің қасында орын жоқ. Бизнес центрлер өте көп те, машина қоятын орын жоқ.


Жауаптылардың айтуынша, тұрақтар таңертеңгі 10-нан кешкі 20:00-ге дейін ғана ақылы. Түнгі уақыт пен демалыс күндері  -тегін.  Ал жүйені мүлдем енгізбеу мүмкін емес. Себебі, көлігін сағаттап емес, апталап қалдырып кететіндер көп. Ол қозғалысқа кедергі келтіреді дейді.

Ә. Дүкембаева