Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Қызылордада 700-ге жуық отбасы 8 айдан бері үйінің құжаттарын ала алмай жүр

AstanaTV
19.07.2022ж. 20:00
1583
Қызылордада 700-ге жуық отбасы 8 айдан бері үйінің құжаттарын ала алмай жүр

Қызылордада 700-ге жуық отбасы үйлерінің құжаттарын ала алмай жүр.  Олар  былтыр желтоқсанда қоныс тойын тойлаған. Бұл үйде негізінен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар қоныстанған. «8 айдан бері құжатымыз қолымызға тиер емес» дейді тұрғындар.

Гүлфайруз ҚЫДЫРБАЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Техпас порты әлі дайын болған жоқ. Техпаспорт болмағандықтан бұл жердегілердің барлығы, пропискаға тұра алмай жатыр. Сондықтан көптеген жанұялар әлеуметтік көмек, желищний пасобия ала алмай жатыр.

Сондай-ақ, тұрғындар мұнда көпбалалы отбасылардың саны басы болғандықтан,  ойын алаңдарын үлкейтіп берсе дейді. Жаңа үйлерде мұнан өзге де  мәселе жетерлік.

Гүлзат ЕРУБАЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жылу орталығы дейді, қыстың күні қосылатын. Есептегіш қойылған екен заңды түрде. Бірақ біраз айына 6600 теңге төлейміз айына. Біз өзіміздің жаққанымызды төлейік. Сол есептегішті қосып берсін.

Айнұр ҚАЗАЛИЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Тротуар жоқ, жол тар. Балаларымыз, машина қағып кетуі мүмкін, ол бір. Екіншіден киімдері, балақтары батпақ болып келеді қыста.  

Әкімдіктегілер қазір құжаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Ал тамызда рәсімдеу толық аяқталады дейді.   

Абзал РЫСБЕК, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Тұрғындармен бөлім арқылы арнайы келісімшарт жасалды. Осы  келісім шарттарды халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл мақсаттан жергілікті бюджеттен 25 млн. теңге қаржы бөлініп, жер асты құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Әкімдіктегілер жаңадан бой көтерген аудандағы мәселелер кезең кезеңімен шешіледі деп уәде етті.

М. Тоқтасынқызы