Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Елордада жыл басынан бері көпқабатты үйлерде 48 өрт жағдайы тіркелген

AstanaTV
19.07.2022ж. 20:00
1278
Елордада жыл басынан бері көпқабатты үйлерде 48 өрт жағдайы тіркелген
Елордада жыл басынан бері  көпқабатты үйлерде 48 өрт жағдайы тіркелген. Өрт қауіпсіздік шараларын халыққа түсіндіру және ақпараттандыру  мақсатында мамандар  күшейтілген жұмыстар жүргізуде. Айтуынша, бас қаладағы көпқабатты үйлерде өрт қауіпсіздігі тиісті деңгейде емес.  

Алмас ЕРЕЖЕПОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ТЖД АЛМАТЫ АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Алматы ауданы бойынша 24 өрт тіркелді. Қалада 17 өрт сөндіру бөлімі бар. Қазіргі таңда бізде Алматы ауданы  бойынша 188 биік қабатты көп пәтерлі тұрғын үй бар. Барлық үйлерге біз түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.

Алматы ауданындағы бұл 18 қабатты тұрғын үйде 144 пәтер бар. Тұрғындар өз күштерімен дабыл қаққыш және өрт сөндіргіш орнатқан.  Өрт шыққан жағдайда кедергі келтірмес үшін подъезде тұрған велосипедтерді қоятын арнайы тұрақты да   өздері жасаған.  
 
Гүлнар ЛАСТАЕВА, ПИК ТӨРАҒАСЫ:
 
3 миллионнан артық ақша кетті. Су жағында  енді біз ойламаймыз. Бізде 18 этажға дейін су келеді. Біз пожарный шланктарды алдық 36 штук и огнетушительный деген тоже 30 штук біз полностью алдық. И системаны пожарный сигнализацияны полностью қалпына келтірдік.  

Мамандар биыл құрғақшылық болады деп болжаған.  Сондықтан өрт қаупі жоғары деп ескерту жасауда.  Бұл орайда өрт қауіпсіздігін сақтау өте маңызды. Төтеншеліктер насихат жұмыстарын күшейте түспек.

А. Базарбай