Түркістан облысында жас өнертапқыш мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап заманауи протез жасайды. 19 жастағы Мұхамеджан Кеңесбектің ойлап тапқан жасанды аяқ-қолымен еркін қимылдауға болады.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Бұл протез қазірдің өзінде 10 келіге дейін салмақ көтере алады. Негізінен бұлшық ет арқылы басқарылады. Жасанды алақан мен саусақтар сенсорлы басқарумен қимыл-қозғалысқа келтіріледі.
Мұхамеджан робототехника мен ІТ технологияны жетік меңгерген. шетелдік тәжірибелерді зерттеген. Әлем халқының 15 проценті протезді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі жан екенін анықтаған.
Мұхамеджан КЕҢЕСБЕК, ӨНЕРТАПҚЫШ:
Негізінен протез шығаратындар өте көп негізі жақсы шығаратындар. Бірақ олар өте тиімсіз, бағалары өте үлкен. Сондықтан әлемдегі 15 процент адам ол өзіне позволять ете алмайды.
Өнертапқыш өзі құрастырған протездерді әлі де жетілдіре түсуде. Қазірдің өзінде елу адамнан сұраныс түсіпті. Бірақ,соның тек үшеуіне дайындап жатыр. Өйткені қолда бар қаржым осыған ғана жетеді дейді. Қажетті шикізатты Қытайдан алдыратын көрінеді.
Әлия СӘРСЕНОВА, АНАСЫ:
Үкіметке қолдау берсе екен кішкене көмектессе екен ұлымызға. Ұлымыз әрі қарайда дамып, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектессе екен.
Жасанды қол электр көзінен қуат алады. Оны мүгедек адам дәрігердің көмегінсіз-ақ қалаған уақытында өзі киіп-шешеді. Жас өнертапқыш енді аяқтың протезін жасауға кіріспек.
А. Төребекқызы