Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Токио Олимпиадасында тиімсіз жұмсалған қаражат қайтарылды

AstanaTV
27.07.2022ж. 20:00
1122
Токио Олимпиадасында тиімсіз жұмсалған қаражат қайтарылды

Токио Олимпиадасы кезінде тиімсіз жұмсалған қаражат ел бюджетіне қайтарылды. Бұл туралы Есеп комитеті мәлімдеді. Құзырлы мекеме Мәдениет министрлігіне қарасты Дене шынықтыру және спорт комитетіне аудит жүргізіп, заң бұзушылықтарды анықтаған.Нәтижесінде 1,3 миллион теңге республикалық бюджетке қайтарылды. Айта кетейік, Токио Олимпиадасына ел атынан 95 спортшы барып, спорттың 5 түрінен 8 қола медаль ғана бұйырған еді.  

А. Базарбай