Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Балаларды мектепке дайындаймыз» республикалық акциясы басталды

AstanaTV
01.08.2022ж. 20:00
1800
«Балаларды мектепке дайындаймыз» республикалық акциясы басталды

Алматыда «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «Балаларды мектепке дайындаймыз» республикалық акциясы басталды. Бүгін  20-ға жуық балаға оқуға қажетті жабдықтарға толы сөмкелер сыйға тартылды.   Олардың арасында Тоғжан Советханованың үш баласы бар.  
 
Тоғжан СОВЕТХАНОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бес жыл болды қатысып келе жатқанымызға. Бес жылдан брі көмек көрсетіп келе жатыр. Балалардың оқу құралдары, формалары. Конечно, мен үшін жақсы. Оны алсам, ол да біраз қаражат қой. Білесіздер, қазір бәрі қымбат.

Партиядан көмек алған  көпбалалы ана Ұлан Дүйсекова да өз ризашылығын білдірді. Төрт баланы мектепке дайындау оңай емес. Ол үшін кемінде 400.000 теңге қаражат керек,- дейді ол. Айта кетейік, республикалық акция аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға кеңсе тауарлары ғана емес, мектеп формасын сатып алуға арнайы сертификат та  берілді.
 
Ұлан ДҮЙСЕКОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл шараға 4-ші жыл қатысып отырмыз. Бұл үлкен көмек біз үшін. Төрт оқушы бар. Төрт оқушыны киіндіру үшін кем дегенде 400.000 кетеді қыстық киімді қоспағанда. Қазір бізге 4 баланы бірдей киіндіріп, дайындап отыр.

М. Жақан