Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Тұрғындар сан соғып қалған", - "Жер Аманаты" комиссиясының мүшесі

AstanaTV
08.08.2022ж. 20:00
1381
"Тұрғындар сан соғып қалған", - "Жер Аманаты" комиссиясының мүшесі

"AMANAT" партиясы жанындағы "Жер Аманаты" жер комиссиясының мүшелері Солтүстік Қазақстан облысында болды.   40-қа жуық тұрғын олардың көмегіне  жүгінді. 13 жылдан бері Балуан ауылының төрт жүзге жуық пайшысының   Шал ақын ауданындағы жер үлестері Банктің кепілінде қалып, қайта сатылып кеткен. Айтуынша құжаттарға жалған қол қойылған.  

Әсел МЕРЖАҚЫП, ЗАҢГЕР:

«Бостандық» ЖШС және «Балуан-СК» ЖШС акционерлерімен кездесуде үлескерлер жалған құжаттамалар арқылы жерлерінен айырылып қалғанын айта кетуге тура келді. Бұл орайда, алаяқтық деректері көзге көрініп тұр. Ең бастысы, бұл айла-шарғыларға аудан әкімдіктерінің шенеуніктері де араласып, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, көрсетілген жерді үшінші тұлғалардың пайдасына тартып алған.

Комиссия мүшелері аталған мәселемен егжей-тегжейлі таныс."Жер Аманаты" төрағасының орынбасары Бақытжан Базарбек  сот процестерін бұрыннан бақылап келеді.  

Бақытжан БАЗАРБЕК, "ЖЕР АМАНАТЫ" КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Амрин әкім бола тұра ЖШС-не қатысты жер учаскесін рәсімдеуге сенімхат шығарады, яғни әкімдіктің лауазымды тұлғасы өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланады. Бірақ, таңқаларлығы, Амрин туралы қылмыстық іс мүлде талқыланбайды. Оның қатысуынсыз бұл алаяқтық орын алмас еді. Мен өзім өтінішті дайындап, оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін "AMANAT" республикалық комиссиясына жіберемін.

Шал ақын ауданының қазіргі әкімі Рахат Смағұловтың да ұстанымы  түсініксіз дейді Базарбек. Ол алдымен шындықты іздеуде пайшыларды қолдауға уәде берсе,  кейіннен сотта  қарсы куәлік еткен.

Бақытжан БАЗАРБЕК, "ЖЕР АМАНАТЫ" КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

"Балуан СК" ЖШС Шал ақын ауданында орналасқан, бірақ енді соттың соңғы шешімі бойынша соттылығы бойынша Маңғыстау ауданаралық экономикалық сотына берілді, яғни СҚО соты қайда қалды. Маңғыстау облысы қайда.  Енді абсурдтық жағдай туындайды.

Облыстың басқа аудандарында да осындай жағдайлар анықталған. Комиссия мүшелері аталған мәселелерді шешуге Бас прокуратура араласуы қажет дейді.  Өңірдің тағы бір проблемасы - жайылымдардың жетіспеушілігі. Айта кетейік, "Жер Аманаты" комиссиясының күшімен мемлекетке 19 мың гектарға жуық жер қайтарылған.

Дәулет КӘРІБЕК, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Барлық жерде бірдей болмаса да көп әкімдер осындай жерді өзінің достарына, балаларына берген жағдайларды да білеміз.  Біз тек СҚО да ғана емес Түркістанда, Ақтөбеде, Алматыда да Қазақстан бойынша жалпы осындай дүние бар.  Сол үшінде 7-22 маусым күні партияның жанынан комиссия құрылды.

Комиссия мүшелеріне  өңірдегі ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары да жүгінді. Олар жер заңнамасын жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.  

Геннадий ЗЕНЧЕНКО, "ЗЕНЧЕНКО и К" СЕНІМ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл жерде маңызды мәселе, біреулер үлес алаңынан шығып жатады. Бірақ үлестері қалып отыр. Біз жер үлестірер кезде,  қатысушыларды жинағанда, біз болашаққа, шаруашылықты дамытуға арқа сүйедік. Егер ертең біреу бір жерден келіп, үлесімді алам десе,  мен қайтарып беремін.  

Аграршылар пайшыларға үлесті ақшалай  қайтаруды ұсынады. "Жер Аманаты" комиссиясының мүшелері айтылған  проблемалардың барлығын  бақылауға алады. Олар сондай-ақ, Белое ауылының тұрғындарымен кездесті.  Мамлют ауданында жыл басынан бері пайдаланылмай жатқан екі мың гектарға жуық жер  тәркіленген.  Оның 80% - ға жуығы халыққа пайдалануға берілді.

Б. Сатуов