Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Бірқатар өңірде жаңа мектептердің құрылысы кешігуде

AstanaTV
12.08.2022ж. 20:00
1345
Бірқатар өңірде жаңа мектептердің құрылысы кешігуде

Елімізде үш ауысымды және апатты мектептер мәселесі әлі өзекті.  Алматы, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 50-ден астам білім ордасының құрылысы кешіктірілуде. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Білім және денсаулық сақтау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында айтылды. Мәселе  жергілікті атқарушы органдардың көші-қон мен демографиялық өсімді есепке алмай құрылысты жоспарлауынан туындап отыр. Былтыр осы олқылықтың салдарынан кей мектептерде ы,і   сыныптары ашылып, қоғамда резонанс туғызды.  Биыл  400 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады.  

Шолпан ҚАРИНОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Мектептердің ескіруіне, апатты жағдайға ұшырауына әрине уақытылы жасалмаған күрделі жөндеудің болмағандығынан жіберіліп жатқан кемшіліктер екенін айта кеткен жөн. Мысалға биыл күрделі жөндеу 261 мектепте жүргізілуде, оның 63% - ы ауылдық жерлерде және 37% - ы қалалық жерлерде орналасқан.

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

261 мектеп дегеніміз өте аз. 7 мың мектеп үшін оның ішінде 6 мыңға жуық ауылдық мектептер үшін "Аманат" партиясы тарапынан мүмкін біз бөлек реестр тағайындап, Үкіметпен тағы да бұл мәселенің жалпы көптеп күрделі жөндеуден өтетін мектептердің санын көбейтуді қарастырамыз деген ойдамын.

Қоғамдық кеңес мүшелері Түркістан облысындағы сақалды құрылысқа айналған  10 мектепке барады.  Сондай-ақ қыркүйек айында Алматыға іс сапар жоспарланған. Кеңес төрағасының айтуынша мәселелердің уақытылы шешілмеуіне бірнеше фактор себеп.

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ең үлкен проблема - құрылыс заттарының кей аймақтарда 50 пайызға, ал кейбір құрылыс заттарының 70 пайызға дейін бағасының күрт өсуі. Мысалы 3-4 мектепті бір мердігер ұтып алған және сол проблемалық мердігер. Жалпы трансферттегі қаражатқа байланысты сол қаражатты уақытылы бөлінуі, бөлінбеуі қай жерде, игерілмеуі қай жерде сол туралы ақпарат бар. Біз сол ақпараттарды әрі қарай өз назарымызда ұстаймыз.

«АМАNАТ» партиясының сайлауалды уәделерін орындау аясында биыл 220 білім ошағы пайдалануға берілуі тиіс.

К. Мерей