$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Президент Жолдауы-2022: Халықтың пікірі қандай?

AstanaTV
01.09.2022ж. 20:00
5349
Президент Жолдауы-2022: Халықтың пікірі қандай?

Президент айтқан мақсат-міндеттер көпшіліктің көңілінен шықты ма? Сауалға жауап іздеп көрдік. Тұрғындардың басым бөлігі экономикалық, әрі әлеуметтік салаларға көңіл бөлінгенін құптайды. Ал, аналар балаға берілетін көмектің 1,5 жасқа дейін ұзарғанына қуанышты. Сондай-ақ жастарға жасалып жатқан қолдау, болашағымызға жасалған мүмкіндік деді.

БЛИЦ:

- Қасым-Жомарт Кемелевечтің бүгінгі сөзін толық тыңдадым. Бірінші ұнаған жері-жастарға көмектесіп жатқаны. Екінші ұнағаны – біздің халқымызға ең керегі, Президенттік сроктың 7 жылда бір рет болатыны. Сосын тағы да қосылатын жағдайым Президентке – мына сот жүйесін қазір ашық өткізу керек.

- Көп балалар оқуға түсе алмай жатады. Осы тұста, білім алушыларға оқу ақысын төлеу үшін 2-3 проценттік несие береді екен. Осыны қолдаймын.

- Президент 1,5 жасқа дейін көбейтті пособия беретін жасты. Біз өте қуаныштымыз, әрине.

- Жолдаудың басында жастарды қолдау беріп жатыр екен. Осынысы жақсы көнемін. Жастарға бизнеске көмек берсе жақсы ғой. Алға ұмтылысы жақсы жастардың.

- Ақшаны көбейтіп жатыр екен. Үстемақы дейді ғой. Ең риза болғаным 2023 жылдың қаңтар айынан бастап балаларға госфондтан аударады екен. Мен соған риза болдым.


А. Задабек