Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Елордадағы ашық аспан астындағы концертке 25 мың адам жиналды

AstanaTV
12.09.2022ж. 20:00
1208
Елордадағы ашық аспан астындағы концертке 25 мың адам жиналды

"AMANAT" партиясы  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформасын қолдауға арналған «Береке – бірлікте!» атты  концерт ұйымдастырды. Елордада ашық аспан астында өткен ауқымды шараға   25 мың адам жиналды. Қала тұрғындары мен қонақтарының алдында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Партия белсенділері Мемлекет басшысының бастамаларына тоқталып, оның әрқайсысының маңызын атап өтті.   

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұдан былай Мемлекет басшысы тек бір рет қана президент болу мүмкіндігіне ие болады. Ол қайта сайлана алмайды. Президент бір мерзімге, бір-ақ рет 7 жылға сайланатын болады. Заңнамадағы құқықтық коллизияны жою үшін, бұл өзгерісті, жаңашыл саяси реформаны биылдан бастаумыз қажет. Яғни, алдағы 20 жылдықта сіз бен біз, жаңадан сайланған ең кемі 3 президентті көретін боламыз.

Геннадий ШИПОВСКИХ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Естеріңізде болса, біз баяғыдан армандап келген дүниеміз іске асты. Бұл Араб елдеріндегідей әр бала өмірге келген кезде, арнайы шот ашылып, кәмелет жасқа толғанша ақша аударылады. Болашақта оны әрбір жас баспаналы болуы мен білім алуына қолдана алады.

«AMANAT» партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаевтың айтуынша,   елімізде  болып жатқан  оқиғаларға жастар бей-жай қарамайды. Отаншыл әрі белсенді, мықты жастарымыз  жетерлік деді ол.  

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Соңғы 3 жылда болған Арыс, Мақтарал оқиғасы және пандемия кезінде еліміз бойынша «Жастар Рухы» ұйымы 10 мыңнан астам волонтерді топтастырды. Қостанай өңіріндегі өрт кезінде де біздің жастарымыз біріге білді.

Ә. Дүкембаева