Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Елімізде 20 мың IT маман даярланады

AstanaTV
12.09.2022ж. 20:00
1202
Елімізде 20 мың IT маман даярланады

Елімізде 20 мың IT-маман даярланады.  Оны «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» Жастар қанаты мен «Astana Hub» Халықаралық IT-стартаптар технопаркі бірлесе жүзеге асырмақ. Бұл бастама техникалық мамандардың саны мен сапасын арттыруға жол ашады. Бағдарламалау мектептері мен жас IT мамандарға қолдау көрсетуді мақсат етеді. Жобаға қатысушылар үшін  3000 грант қарастырылған.  

Ерсұлтан ЕРМАНОВ, ҚР ЦДИАӨМ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫН ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мемлекет  алғаш рет бейресми білім беруді қолдау бағдарламасын іске қосты. Бұған дейін IT мектептерге бұндай деңгейдегі қолдау болмаған, гранттар да бөлінбеген. Биыл жекеменшік IT мектептерге 3000 грант бөлуді жоспарлап отырмыз. Қазір мектептерді аккредитациядан өткізіп жатырмыз. Содан соң іріктеу өтеді. Алдағы бір айда осы гранттарды студенттердің өзіне бөліп беру жоспарымызда бар.

А. Серік