Adv pic
$475.25 €505.52 ₽4.95
×

Халық пікірі: Президент өкілеттігі мерзімін қайта қарау-ұтымды шешім

AstanaTV
14.09.2022ж. 20:00
948
Халық пікірі: Президент өкілеттігі мерзімін қайта қарау-ұтымды шешім

Президент мандатын жеті жылдық бір мерзіммен шектеу туралы ұсынысқа халық та оң бағасын беруде. Оны жаңа әрі әділетті Қазақстан құру жолындағы дұрыс шешімдердің бірі деп санайды.

БЛИЦ:

-  Жеті жыл жететін шығар бәрін істеп үлгеруге. Оған толықтай жетеді. Бәлең жыл отырғаннан пайда жоқ. Жеті жылдан бәрін ауыстырып отыру керек.

- Мен бұл бастаманы қолдаймын. Бізге реформа ауадай қажет. Жеті жыл бұл оңтайлы мерзім. Оны не ұзартып, не қысқартып керек емес. Бұл уақыттың ішінде президент өзінің жоспарының 80 пайызын іске асырып үлгереді деп ойлаймын.

- 7 жылда келген Президент бірнеше жетістіктерге жеткізіп, елімізді алға жылжуына, экономикасының дамуына үлкен әсерін тигізеді. Және де 7 саны киелі, құдай қаласа 7 жарғы да болған, 7 жылда міндетті түрде еліміздің экономикасы дамып, дамыған елдердің қатарына қосылып, балаларымыздың білімдері көтеріліп, тек қана жақсылық болады.  7 саны киелі сан.  
 
- Президенттік мерзімнің сайлауы аз болса ол жасаған жобалары, жолдауларын іске асыру мүмкін болмай қалады. Ал ұзақ болса да ол қолдау таппай қалуы мүмкін. Ал жеті жылдық мерзімді мен қолдаймын. Өйткені жасап жатқан халыққа  жолдаулары, әлеуметтік жағдайларын көтеруде қандай да бір бастаған ісін, жобасын соңына дейін жеткізуге мүмкіндіктер болар еді.
 
- Президентті 7 жылға сайлағанды мен құптаймын+Алға қойған мақсаттарын, жоспарын орындауға өте қолайлы мерзім деп ойлаймын.  


А. Серік