Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Синтетикалық есірткі арзан, әрі қолжетімді",- М.Елубаев

AstanaTV
14.09.2022ж. 20:30
1649
"Синтетикалық есірткі арзан, әрі қолжетімді",- М.Елубаев

Бүгінде қолжетімді болған синтетикалық есірткіні Денсаулық сақтау министрлігі қатаң бақылауға алу керек. Мәжіліс депутаты Мәди Елубаев аталған министрлікке осындай ұсыныс айтып, депутаттық сауал жолдады. Депутаттың айтуынша, қазір дәріханалық синтетикалық есірткінің саудасы қызған. Ғаламтор арқылы ғана емес, тіпті үйге дейін жеткізіп салу қызметі де пайда болған дейді. Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында соңғы үш жылда ел ішінде синтетикалық есірткінің 10 есе өскенін айтқан болатын.

Мәди ЕЛУБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Синтетикалық есірткі жыл сайын арзан әрі қолжетімді бола бастады. Фармацевтикалық ұйымдармен, медициналық мекемелерге көрсетілген препараттарды тағайындауға және сатуға қойылатын талаптарды сақтау жігінде бақылауды күшейтуге. Екіншіден, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің және әкімшілік құқықбұзушылық кодексінде көзделген есірткі құралдарымен психтропты заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны үшін  жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

Ә. Дүкембаева