Жалақы 500 мыңнан 3 миллион теңгеге дейін. Елімізде айына осынша айлық беретін бос жұмыс орындары бар. Мәселен, зерттеушілерге айына 2 миллион 700 мың теңге жалақы ұсынылып отыр. Ал, бас директор болып орналасқан адам 2 миллион теңгеден астам жалақы алады. Әуеинженерлері мен шахта директорлары да бұл көштен қалыс қалмайды. Олардың еңбегі 1,5 миллион теңгеге бағаланады. Ең жоғары жалақы Атырау облысында. Онан кейін Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Шығыс Қазақстан облысы тұр. Еңбек министрлігінің мәліметінше, орта білікті мамандарға да арналған жұмыс орындары бар. 50 мыңға жуықтайды. Бірақ, келіп түсетін түйіндеме саны аз көрінеді.
А. Задабек