Қостанай облысындағы Қарабалық ауданында оқушыларды мемлекеттік тілде оқытатын орта мектеп ашылды. 320 шәкіртке арналған ғимарат заманауи талаптарға сай салынған. Мұхамеджан Сералин атындағы мектептің құрылысына шамамен 1миллиард 600 миллион теңге жұмсалыпты.
Су жаңа мектепте сапалы білім, саналы тәрбие алу үшін жан-жақты жағдай жасалған. Интерактивті жабдықтар, компьютерлік сыныптар, шеберхана мен кітапхана, спорт және акт залы бар.
Айнұр САҚТАБЕРГЕНОВА, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ:
Бұрынғы кезде біз колледж ғимаратында жұмыс істедік. Енді міне өзіміздің жеке мектебіміз ашылды. Ата-аналармен бірге, әріптестер қуаныштымыз.
Айнұр ШӘРІПОВА, АТА-АНА:
Біз ары қарай балаларымыздың жетістігіне мұғалімдермен бірге көмектесеміз. Біз қуаныштымыз осындай күнге жеткенімізге.Қарабалықта жеке қазақ мектеп ашылғанына өте қуаныштымын.
Президент өз жолдауында «Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс»,- деді. Мемлекет басшысының межелі тапсырмасы Қостанай облысында сәтті жүзеге асырылуда.
Архимед МҰХАМБЕТОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Жоспарымыз бойынша 2025 жылға дейін ең кемінде 14 мектептің қүрылысын аяқтап, 10 мың оқушыны жаңа жағдаймен қамтамасыз ету. Сонымен қатар мектептерге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмысы да қолға аынды. Биылдың өзінде 108 мектепке жөндеу жүргізілді.Оған біз бюджеттен 7 миллиард теңгеден астам қаржы бөлдік.
Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатына 2 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылса, ауыл мектептерін 30 жаңа автобуспен қамту үшін облыс бюджетінен ақша бөлінген. Оның бесеуі Қарабалық ауданына беріледі.
З. Санай