Adv pic
$474.47 €503.51 ₽4.88
×

Қостанайға «Ахмет жүріп өткен жолмен» экспедициясы келді

AstanaTV
14.09.2022ж. 20:00
1109
Қостанайға «Ахмет жүріп өткен жолмен» экспедициясы келді

Қостанайға «Ахмет жүріп өткен жолмен» атты экспедиция келді. Ғибраты мол ғылыми танымдық сапарды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырған. Экспедиция мақсаты – Ахаңнан қалған мол мұраны зерттеп жүрген ғалымдардың жаңа деректерін көпшілікке таныстыру, насихаттау. Ахметтанушы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінен құрылған  топ Әулиекөл, Қостанай, Арқалық, Бидайық, Торғай, Ахмет Байтұрсынұлы ауылына барып,   ғылыми-танымдық іс-шаралар өткізеді. Кейін ғалымдардың баяндамалары жинаққа басылып, оқу орындарының кітапханалары мен  ғылыми орталықтарға табысталады.  

Жандос СМАҒҰЛОВ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Ұлттық әдебиеттану ғылымының негізін қалаған – Ахмет Байтұрсынұлы. Себебі әлемдік әдебиет теориясында қолданылып жүрген терминдер, пән атауларын толықтай қазақшалап, ұлттық ұғымға сай етіп, жоғары оқу орындарында оқытудың негізін қалап шықты.

З. Санай