Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Ақтөбеде 1-сынып оқушыларына мантудың онына бцж вакцинасын шатастырып салып жіберген

AstanaTV
27.09.2022ж. 20:00
2578
Ақтөбеде 1-сынып оқушыларына мантудың онына бцж вакцинасын шатастырып салып жіберген

Ақтөбедегі  №74 орта мектептен шу шықты. Ондағы  медицина қызметкерлері бірінші сынып оқушыларына мантудың орнына   бцж вакцинасын шатастырып салып жіберген. Бұл қателікті ата-аналар екі апта өткен соң білген.  Енді 42 баланың жақындары жауапсыз медицина қызметкерлерін жауапқа тартуды талап етуде. Ата-аналардың айтуынша, балалардың көпшілігі  өздерін   жәйсіз сезінген. Екпе салған жер қатты ісіп,  іріңдеген. Тіпті қолдарын көтере алмай қалғандары  да болыпты. Анықтай келе, балаларға мантудың орнына иыққа салатын тірі вакцина егілгені анықталды.

Раушан ИСАЕВА, АТА-АНА:

Живая вакцина еңгізіліп кеткен. Бұл организмде барлық клеткаларды оятады деді. Енді басталып жатыр. Процесс жүріп жатыр. Міне екі жетіден асып кетті. Бала қолын көтере алмайды. Бездері шошынған. Қолтық асты. Тамағы бездері шошынған. Өздерімен өздері жата береді. Әлсіздік пайда болды.


Шынар БЕКБОЛАТҚЫЗЫ, АТА-АНА:

Неге ол флаконның сыртында жазылып тұрады екен. Түсі де басқа болады екен. Неге олар шатастырады. Білек терісі өте жұқа. Ол организмге вакцина кіріп кетті.  Олар бізге 6 ай күтуді сұрайды.  Күтіп отыратын болсаң, ешкім кеілдік бермейді. Балдардың мүгедектігіне алып келуі мүмкін.   

Бұл вакцинаны салған медицина қызметкерлері жеке клиниканың мамандары көрінеді. Олар  мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсеткен. Осындай жағдайдан кейін дәрігер де, медбике де жұмыстан босатылған. Прокуратура тексеріс жүргізіп жатыр.

Бақытжан ТҮЛКІБАЕВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы қателіктерді жіберген медицина қызметкерлері де болды. Олар өз қателіктерін мойындап отыр. Енді осы 42 балаға осындай жағдай болған соң не болатынын ешкім айта алмайды. Тек қана біздің өзіміз айтатынымыз, басқа жерге салынып техникалық ақау кеткен. Енді кешегі шешім бойынша бұл балдардың барлығы мектепте күнделікті бақылауда болады.


Б. Рақметова