Атырауда 3 азамат көпқабатты үйдің жертөлесіне марихуана еккен. Тұрғын үйдің төменгі қабатын есірткі зертханасына айналдырғандардың үшеуі де диструктивті ағым өкілдері екені анықталды.
Олар жертөлені арнайы жарық, жылу, ауа алмастыру құрылғыларымен жабдықтаған. Сол жерде есірткі дайындаған. Полицейлер шағын жылыжайдан 17 қарасора бұтасын тәркіледі. Күдіктілердің тұрғылықты мекен-жайын тінту кезінде қару мен марихуана есірткісін пайдалануға арналған құралдар, сондай-ақ, ел аумағында тыйым салынған діни әдебиеттер табылды. Еш жерде жұмыс істемейтін азаматтардың бұл заңсыз іспен қашаннан бері айналысқаны анықталуда.
Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Барлығы – Атырау қаласының тұрғындары. Қазір күдіктілерге қатысты ҚК 300 бабы және 297 бабтары бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған азаматтардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Б. Нәдірқызы