Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қыз алып қашу қылмыс па?

AstanaTV
20.10.2022ж. 20:00
3587
Қыз алып қашу қылмыс па?

Елімізде қыз алып қашу статистикасы жүргізілмейді. Өйткені, қылмыстың осы түріне қатысты арнайы бап жоқ. «Адам ұрлау» фактісімен тіркеледі. Еркінен тыс алып қашса 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Танымайтын қызды күштеп әкеліп, тағдырымен ойнағысы келетіндер әлі де бар. Әріптесім қыз алып қашуға деген қоғамның көз қарасын біліп көрді.

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Өздеріңіз көріп тұрғандай, көшеде бір қызды біреу ұрлап бара жатса қоғамда қол ұшын созып, көмектесетін адам жоқ. Бірі қызық көріп қараса, бірі тіпті көңіл де бөлмейді.

Ешкім назар аудармады деп келгенімізде, артынша телеарнамызға полиция қызметкерлері келді. Оларға қыз ұрлады деген хабарлама түскен. Қызыл күртедегі жігіт қоңырау шалған болуы мүмкін. Дегенмен біздікі ортаның реакциясын сынап көру үшін жасалған эксперимент еді. Ал шын мәнінде көшеде кетіп бара жатқан бейтаныс қызды көре салып, алып қашу әсіресе оңтүстікте жиі кездеседі.

Баянғали ӘЛІМЖАНОВ, ЖАЗУШЫ:

Келіспестен, танымайтын қызды тіпті жай 1-2 көрген қызды уәде байласпаса, сөз бермесе оны бас салып, алып қашу деген бұл - тағылық, жабайылық. Бұл ешқандай адамгершілік нормасына сыймайды. Заң нормасына сыймайды.

Заңгерлер де мұндайды заңға қайшы әрекет деп бағалайды.

Гүләйім АНТАЕВА, ЗАҢГЕР:

126-бабына байланысты адамды өз еркінен тыс бостандығынан айыру бабы бар. Екінші бап Қазақстан Республикасының 125-бабы адамды ұрлау фактісі бар. Үшінші бап, зорлық-зомбылық көрсету деген тағы да бап бар. Сол себептен сіздерге айтам бірінші әрекет істеместен бұрын, заңға бір қарап алыңыздар. Сізді адам кешіргенмен, Заң кешірмейді.

Қыз алып қашу көнеден күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан дәстүр. Десек те осы салт-дәстүрлерді көпшілік дұрыс түсіне қоймайды. Ұлтымызға ғана емес, тіпті адамға жат қылықтар жасап, танымайтын қызды еркінен тыс алып қашады. Кейін оны салтқа сілтеп, ақталады.

А. Базарбай