$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбенің «Қарғалы-2» ауданының тұрғындары ауыз сусыз отыр

AstanaTV
03.11.2022ж. 20:00
2129
Ақтөбенің «Қарғалы-2» ауданының тұрғындары ауыз сусыз отыр

Ақтөбенің «Қарғалы-2» тұрғын үй алабындағылар ішер суға жарымай отыр. Бес жыл бұрын мұнда су құбыры жүргізілген, бірақ бір көше ұмыт қалыпты. Ондағылар амалсыздан ауыз суды тасып ішіп отыр. Тасып ішкен су су болсын ба? Тұрғындардың жанайқайын тілшіміз Бақыт Рахметова жеткізеді.

Нұржау Жахин бұл жерде отыз жылдан бері тұрады. Содан бері көрген күні осы. Алты адамнан тұратын отбасыға тасып ішкен су шақ келмейді дейді.

Нұржау ЖАХИН, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мына жерден құдық қаздым. Бұл жердің суы ішуге келмейді. Малға беруге жарамайды. СЭС-ке лабораторияға апарғанда өтпей қалды. Жахандану заманы дейді. Біз әлі 20 ғасырда жүрміз шелекпен су тасып.

Жұмабек ЕРҒАЛИЕВ,АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бес жыл болды. Линия тартылғалы. Енді үйлерге жүрмей тұр. Сол мәселе біздерде үйлерге тартып беру керек. Қалай енді барлық көшеде бар. Бізде жоқ.

Бұл тұрғын үйлерге ауыз су желісі 2018 жылы жүргізілген. Ол үшін 86 млн теңгеден астам қаражат бөлініпті. Бірақ бір көше сол құбыр жүргізген күйі қалып қойған.

Марат СҮЙІНОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ақбұлақтың жігіттерімен сөйлескенде олар айтты. Сіздердің нелеріңізде опрессовка жіберіп едік. Судың барлығы жайылып кетті дейді. Соған қарағанда качество жоқ. Жер астындағы трубалар дұрыс жасалмаған.

Әкімдіктегілер мәселеден хабардар. Мердігер мекеме өз тарапынан кеткен олқылықтарды толық ретке келтіреді дейді. Сондай-ақ, жауаптылар жаңа жоба дайындалып жатқандарын айтты.

Бауыржан ЖАНТУРИН, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«На сегодняшний день разработан проект... Қазір негізгі құбырдан әрбір үйге су тартуды жүзеге асыратын жоба жасалды. Қазір жоба экспертиза өтіп жатыр. Экспертизадан өтіп, қажетті қаражат бөлінгеннен кейін жұмыстар жалғасатын болады.

Бұл жұмыстар келер жылға жоспарланған. Ал тұрғындар тағы бір жыл суды тасып ішуге мәжбүр.

Б. Рахметова