Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қоғамды ізгі мақсатқа жұмылдырады

AstanaTV
10.11.2022ж. 20:00
1643
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қоғамды ізгі мақсатқа жұмылдырады

Елімізде соңғы үш жылда талай игі жұмыстар атқарылды. Мемлекет басшысының межелі бағдарламасы, тың бастамалары қоғамның мызғымас тұғырына айналды. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымы кемел елді жарқын келешекке жетелеп отыр.

Саси реформалардың мағынасы терең. Мәселен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы - аса маңызды. Қоғамды ізгі мақсатқа жұмылдыруды көздейтін тұжырымның түпкі мәнісінде Әділетті Қазақстан идеясы тұнып тұр, дейді саясаттанушы Төлеу Пәниязұлы.

Төлеу ПӘНИЯЗҰЛЫ, САЯСАТТАНУШЫ:

Реформалардың ішіндегі атап өтетіні «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы . Және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің аясында талқыланып көптеген мәселелер азаматтық қоғам институтын дамыту саяси партияларға тең мүмкіндіктер беру.Тіркеу.

Елдің егемендігін, жердің тұтастығын сақтап қалу. Азаматтық қоғамды билікке араластыру. Түбегейлі констиуциялық реформаларды жүзеге асыру. Ұлттық қордың қаражатын ұтымды пайдалану. Тың бастамалардың түгелі тұғырлы мемлекеттің кемелді келешегі үшін жасалып жатқан нық қадамдар.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады. Бұл – өте өзекті мәселе. Қордың қаражатын аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және еліміз үшін маңызы зор жобаларды қаржыландыруға жұмсаймыз.Бюджет үдерістерін барынша жеңілдету қажет. Мемлекеттік органдардың игерілмеген қаражатты келесі жылға қалдыруға мүмкіндік беру керек.Сол арқылы олар ақшаны бюджетке қайтарудың тиімсіз тәртібінен құтылады.

Президент үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан ол әділетті мемлекет орнатуға басымдық беріп, жаңаша басқару тетіктеріне жол ашып отыр,- дейді өңірдің зиялы қауым өкілдері.

Жанұзақ АЗБЕКҰЛЫ, ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ ҚОФ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің қоғам көзбояушылықтан шаршады, жемқорлықтан шаршады. Ендеше әділеттІ қоғам орнату бұл әрбір қазақстандық азаматтың жүрегіндегі бір арманы десе де болады. Мемлекеттің басқару тетіктерін, басқа да қозғалыс күштерін жаңартатын болсақ онда әділетті мемлекет орнатудың алғашқы іргетасы қаланады.

Президенттің тың реформалары кемелді ел келешегіне бағытталған. Оның жүзеге асып жатқан игі бастамалары жарқын болашақты айқындауға жол ашып отыр.

З.Санай