$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жыл басынан бері өрттен 246 адам қаза тапты, - ТЖМ

AstanaTV
15.11.2022ж. 20:00
1848
Жыл басынан бері өрттен 246 адам қаза тапты, - ТЖМ

Жыл басынан бері өрттен 246 адам қаза тапқан. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бүгін үкіметте осылай деді. Оның сөзінше, тілсіз жаудан қаза болғандардың 43 проценті мас күйде болған. 60 пайызы жұмыссыздар мен зейнеткерлер, яғни жұмыс немесе оқу орнында өрт қауіпсіздігін оқыту жүйесіне қатысы жоқ адамдар дейді.

Юрий ИЛЬИН, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:

Биыл жыл басынан бері Қазақстанда 9 647 өрт тіркеліп, 249 адам қаза тапты, 212 адамды күйік шалып, әртүрлі ауырлықта уланды.

Ал келер жылы өрт сөндірушілердің жалақысы 70 пайызға көбейеді. Бұл мәселе үш жыл бұрын алғаш реті көтерілгенде қызметкерлердің айлығы 65 мың теңге болған. Қазір жұмысқа жаңа келген маманның ең төменгі лауазымдық жалақысы шамамен 110 мың теңге.

Юрий ИЛЬИН, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақыны 10%-дан 70%-ға дейін арттыру көзделіп отыр. 70% дегенде, бұл қызметті енді бастаған қатардағы құрамның жалақысы максималды өседі деген сөз. Ал 10% дегенде басшы құрам туралы айтып тұрмын, бұл - өрт сөндіру қызметінің бастықтары, төтенше жағдайлар қызметінің бастықтары.

Б. Сатуов