$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Қазақстан халқының дұрыс таңдау жасайтынына сенемін!» - Эрол Кая

AstanaTV
20.11.2022ж. 16:00
1496
«Қазақстан халқының дұрыс таңдау жасайтынына сенемін!» - Эрол Кая

Қазақстан халқының дұрыс таңдау жасайтынына сенемін! ТүркПА Құқықтық мәселелер мен халықаралық қатынастар комиссиясының төрағасы Эрол Кая осылай деді. Олардың делегациясы таңғы 7-ден бастап 10 сайлау учаскесіне барып үлгерген. Кандидаттардың сенімді өкілдерімен кездесіп, дауыс берушілермен сөйлесті. Президент сайлауын 641 халықаралық байқаушы бақылауда.

Эрол КАЯ, ТҮРКПА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз бәрі ашық және әділ болып жатқанына куәміз. Бүкіл дауыс беру процесі халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес. Жалғыз нәрсе – суық ауа-райы. Бірақ бізді қазақтың қонақжайлылығы мен ізгі ниеті жылытып жіберді. Менің ойымша, бұл сайлау демократия қағидаттарына толық сәйкес өтеді.

Бас прокуратура қызметкерлері сайлау күні жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды. Әлеуметтік желіде сайлау учаскелерінде «азаматтардың құқығы бұзылды» деген бейнежазбалар тараған. Прокуратура бұл жалған мәлімет екенін мәлімдеді. Айтуларынша, елдегі қауіпсіздік жағдайы тұрақты.

Азамат САРҒАЗИН, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Біз бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін анықтадық. Осыны ескере отырып, барлығына жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін тағы да еске салғым келеді.

А. Задабек