Сайлау кезінде әлемнің 53 мемлекетінде 68 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Уақыт айырмашылығына байланысты ерте жұмысын бастап, кеш аяқтаған учаскелер болды. Жалпы барлық мемлекет бойынша 11 360 қазақстандық дауыс берді. Бұл туралы сыртқы істер министрінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді. Шетелдегі қазақстандық сайлаушылардың 88,47% өз таңдауын жасаған. Оның ішінде отандастарымыз ең көп дауыс берген ел Ресей болып отыр. Сайлауға қатысу белсенділігі жоғары болған. Тіпті көп қазақстандықтардың басқа елде болатынын алдын-ала ескертпегеніне байланысты кей туристерге бюллетеньдер жетпей қалған.
Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Түркияда біздің азаматтар өте көп. Бірақ консульство есебінде 22 адам ғана. Консул бәріне жекелеп звондап шықты. Сіз 20 қараша күні президенттің сайлауына қатысасыз ба деп. Иә, қатысамын деген адамдарды алдын-ала жазып алып, осыншама бюллетен керек деп тапсырыс берген бізге. Бірақ өзінің сол жерде жүргенін айтпаған, біздің азаматтар келіп, кішкене наразылық білдірді.
Б. Сатуов