Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қалыңдықтың мәһрге қымбат көлік, iphone сұрауы дұрыс па?

AstanaTV
22.11.2022ж. 20:00
2523
Қалыңдықтың мәһрге қымбат көлік, iphone сұрауы дұрыс па?

Шариғат бойынша "мәһрсіз" неке қиылмайды. Көлемін қалыңдық таңдайды. Ерік берді екен деп арулар аспандағы айды сұраудан тайынар емес. Қанағатты ұмытып қадірін қашырғандар аз емес. "Мәһрдің" мөлшері қанша? Мүмкіндігі жоқтар не істемек? Тілшіміз Ақбота Базарбай жауап іздеді.

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Ислам шарттарына сәйкес неке қияр алдында қалыңдық болашақ жарынан сый - мәһр талап етуге құқылы. Ал сол мәһрге берілетін сыйдың түрі де, мөлшері де заман ағымына сай өзгеріп келеді.

Бүгінде мәһр көлемінен қыздар жарыс ұйымдастырғандай. Бірі көлік, бірі үй, бірі құндыз тон сұрап жатады дейді имамдар.

Шариғатта мәһрдің шегі жоқ делінсе де, сұраған деген осы екен деп күйеу жігітіне шамадан тыс күш салу қаншалықты дұрыс?

БЛИЦ:

- Олар өздері енді үйленіп жатса, қалай қымбат нәрсе сұрайды? Екеуі бірге жетеді деп ойлаймын.

- Енді сүйсеңіз аласыз, конечно. -Сүйсеңіз алып бересіз иә? - Иә, алып беремін.

- Сұмдық қой ол. Дұрыс емес. Махаббатпен шығу керек қой.

Жалпы мәһрдің ең жоғарғы мөлшері белгіленбегенмен, ең төменгі көлемі бар. Бүгінде ол 10 дирхамға тең, яғни шамамен 100 мың теңге көлемінде. Алайда оны міндетті түрде пайдалану шарт емес.

Бауыржан ӘБДУӘЛІ, ҚМДБ ШАРИҒАТ ЖӘНЕ ПӘТУА БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

Ер кісі бұл мәһр сыйақысын беру міндетті. Тіпті оны бермесе ол мойнында қарыз болып қалады. Сондықтан бұл шариғаттағы уәжіп нәрсе. Пайғамбарымыздың жалпы хадисі бар әйелдің ең қайырлысы мәһрі аз болғаны деген. Сондықтан да, тұрмысқа шығып жатқан қыздар осыны назарларына алса дұрыс деймін.

Мәһрді әркім өз білгенінше сұрауға құқылы. Алайда сыйлық көлемі мен бағасы ақылға қонымды, отағасының қаржылық мүмкіндігі шегінде болғаны абзал дейді дін мамандары.

А. Базарбай