$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шахтадағы апатқа «Арселор Миттал Теміртау» кінәлі

AstanaTV
23.11.2022ж. 20:00
1179
Шахтадағы апатқа «Арселор Миттал Теміртау» кінәлі

Шахтадағы апатқа жұмыс беруші кінәлі. «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының бас директоры Биджу Наир мен Көмір департаментінің директоры Джелсон Батиста, сондай-ақ шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық құрамнан 24 адам кінәлі ретінде күдікке ілінді. Оларға ел аумағынан шығуға тыйым салынған. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ұңғымада газдар мен көмір тозаңдарының көп мөлшерде болуынан бұрғылау кезінде кенеттен от тұтанғанын айтты. Апаттың себебін тексерген комиссия бұл жағдай бақыланбағандықтан арты қайғылы оқиғаға әкеліп соқты,- деген қорытындыға келген. Юрий Ильиннің айтуынша, бұрғылау штангасының металл бекіткіштерге үйкелісінен ұшқын пайда болған. Инженерлік-техникалық қызметкерлер тарапынан, яғни, көмір департаментінен де, шахтаның өзінен де тиісті бақылау жүргізілмеген.

Юрий ИЛЬИН, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:

Комиссия қауіпті қалдықты қабатты ашу кезінде бұрын бұрғыланған дренаждық ұңғымалардан газдар мен көмір тозаңдарының жоғары көлемде шығуымен байланысты кенеттен болған газ-динамикалық құбылыстың салдарынан апат болды деген қорытындыға келді. Сондай-ақ ол қауіпті учаскедегі метан шығуын болжау қызметінің штатында тау-кен мамандары болмаған. Іс жүзінде 13 адам болған, ал негізінде 25 адам жұмыс істеуі шарт.

А. Қуаш