Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

БҚО тұрғыны үш жасар сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлайды

AstanaTV
05.12.2022ж. 20:00
2057
БҚО тұрғыны үш жасар сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлайды

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының тұрғыны Айдана Мұхамбетиярова үш жасар сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлайды. Қайғыдан қан жұтқан келіншектің айтуынша, тамағына жасалған операциядан кейін бүлдіршін мүлдем қараусыз қалып, көз жұмған.

Қызымыздан «Даун синдромы» анықталғанымен, ауытқушылық болған жоқ, дейді Айдана Мұхамбетиярова. Кішкентай Айназдың осындай қылығын қызықтап жүрген жас отбасының қуанышы ұзаққа созылмады. Осы видео түсірілгеннен кейін бірнеше күн өткесін, Айназға операция жасалып, дәрігерлер тамағындағы қабынған безді сылып тастайды. Ота сәтті өткенімен, бүлдіршін кешкісін мазасыздана бастаған.

Айдана МҰХАМБЕТИЯРОВА, СӘБИДІҢ АНАСЫ:

Реанимациядан бір медсестраны шақырады. Ол медсестра келеді, балаға ешқандай катетерді қоя алмайды. Баланың қолы мұздап бастайды уже, сол кезде катетерді қоя алмаған соң, екінші медсестраны шақыртады. Ол баланың жағдайын көріп, сразу айтады: врачтарды шақырыңыздар, бала тяжелый, одышка болып жатыр. Бала қиналып жатыр. Ешқандай катетерді сала алмаймын. Түгел шақырып, реанимацияға апарыңыздар дейді. Бірақ оған құлақ аспайды медсестра. Қайтадан катетерді тыққызады қызға.

Күйінген келіншектің айтуынша, оқиға демалыс күні болған. Сондықтан шақыртқан дәрігерлер уақытында келмепті. 12 сағат бойы осылай қиналған сәби әбден әлсірегенде ғана мамандар көмек көрсетуге асықты, дейді анасы.

Айдана МҰХАМБЕТИЯРОВА, СӘБИДІҢ АНАСЫ:

Врач кешкісін бала қиналып жатқан уақытта келеді, бала өлердің алдында. Пульсін қарағанда уже бір-біріне ымдап бірдеме айтады: апа, қызыңыздан айрылып қалдық, иманды болсын деп. Дәрігерлердің салғырттығы бәрі. После операций қызым ешқандай дұрыс қаралмады.

Дәрігерлер бүлдіршінді операцияға дайындау кезінде денсаулығынан кінәрат табылмағанын айтады. Одан кейін де жағдайын қадағалап отырдық дейді.

Орынбек ЖҰБАНОВ, ОТОЛАРИНГОЛОГ ДӘРІГЕР:

Баланы операциядан соң өзім қарағанда бүкіл көрсеткіші қалыпты болды. Кенеттен әлсірегесін, жансақтау бөлімінде көмек жасадық. Кейін сәбиді сойып тексергенде жүрегінде ақау бары, бұл аздай пневмонияға шалдыққаны анықталды. Жалпы мұндай дерті бар балалардың бүкіл кеселі осындай операция кезінде өршіп кетеді әрі кез-келген ота - тәуекелге толы іс. Сәбидің ата-анасына қайғырып көңіл айтамын.

Бүгінде полиция осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғапты. Яғни, дәрігерлердің кәсiби мiндетiн қаншалықты талапқа сай атқарғанын тексереді. Осыдан кейін ата-анасы заң органдарына жүгінбек.

Е. Карин