$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарда «AMANAT» партиясының облыстық филиалына жаңадан төраға сайланды

AstanaTV
20.12.2022ж. 20:00
1421
Павлодарда «AMANAT» партиясының облыстық филиалына жаңадан төраға сайланды

Павлодарда «AMANAT» партиясының облыстық филиалына жаңадан төраға сайланды. Бұл лауазымға бұған дейін филиалдың атқарушы хатшысы болған Илья Теренченко тағайындалды. Бұрын бұл міндетті облыс әкімдері атқарып келген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында әкімдердің партия филиалдарында қызмет істеуіне тыйым салу керектігін айтқан. Осыған сәйкес заңнамалық актілер қарашада қабылданды.

Ринат КЕРТАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

«AMANAT» партиясының алдында кеңселерде, кабинеттерде отырмай, шалғай ауылдадарға барып, халықтың өзекті өзекті мәселесін тыңдау, көру және оны шешуге ұмтылу біз үшін басты мақсат. Өйткені, халық үніне құлақ асатын мемлекет концепциясы негізінде «AMANAT»-тың трансформация кезеңінде халықпен кең көлемде коммуниакцияда болу. Сондықтан осы міндеттерді облыстық филиал Илья Теренченко бастаған әріптестеріміз жоғары деңгейде атқарады деген ойдамыз.

Илья ТЕРЕНЧЕНКО, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл міндет мен үшін өте үлкен жауапкершілік жүктейді. Партияластарым мен орталық аппарат басшыларының сенімін ақтауға тырысамын. Павлодарлықтар әрдайым алдыңғы қатарда. Бұл орыннан таймаймыз. Филиалдың 48 мың мүшесі бар. Оның көпшілігін бастауыш партия ұйымдары құрайды. Біз енді партияның трансформациясына қадам бастық.

Ақмола облыстық филиалында да жаңадан төраға сайланды. Конференция делегаттары ашық дауыс беру арқылы бұған дейін атқарушы хатшы қызметін атқарған Айна Мысырәлімованы таңдады. Сондай-ақ, филиалдың атқарған жұмысы мен жоспарлары сараланды.

Абай ЖОРАБЕК, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «ЗАРЕЧЕНСКОЕ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінде халық пен «AMANAT» партиясы тығыз жұмыс істеуде. Халық тікелей келіп, сұрақтарын қойып, мәселелерін айтып, сол арқылы мемлекеттік органдармен жұмыс істеу арқылы көптеген сұрақтар шешіліп жатыр. Бүгінгі отырысымызда облыстық партиямыздың қанағаттанарлық деген баға беріліп отыр.

Ө. Қуанар