$486.44 €534.31 ₽5.06
×

Қызылжарда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бұрынғы басшысына үкім кесілді

AstanaTV
09.08.2016ж. 20:00
3319
Қызылжарда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бұрынғы басшысына үкім кесілді

Қызылжарда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бұрынғы басшысы Петр Дмитриенкоға қатысты сот үкімі шықты. Ол 5 бап бойынша айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Экс-шенеунік аталған мекемені басқара отыра, сан мәрте сыбайлас жемқорлыққа жол берді деп айыпталған болатын. Мәселен, сот өкілдері берген мәліметкен сүйенсек, Дмитриенко 2014 жылы ағаш өңдеу цехын тендер арқылы сату кезінде кәсіпкерге қолдау көрсеткені үшін 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған.

Бұдан бөлек, аталған департаменттің бұрынғы басшысы мемлекеттік тапсырысты өз пайдасына шешкені үшін және елдің мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Петр Дмитриенконың арам пиғылын іске асыруға мемлекеттік мүлік департаментінің бөлім басшысы Эльдар Сибанов та септескен. Ол мемлекеттік тапсырысты заңсыз орындайтын кәсіпкерлерді табумен айналысқан. Ұйымдасқан қылмыстық топтың астыртын клиенті Дәурен Уваисов та құқыққорғау органдарының назарына ілікті. Кәсіпкер экс-шенеуніктерден дизельдік отынды арзан бағамен сатып алу үшін 100 мың теңге көлемінде пара берген. Соттың үкімімен Петр Дмитриенконың сыбайластары айыппұлмен құтылып кетті.

Михаил Гусев, Петропавл қалалық сотының судьясы:

Уваисов Даурен Арыстанұлы ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы 2-бөліміне сәйкес кінәлі деп танылып, параны 30 есе артық қылып, яғни 3 миллион теңгені айыппұл ретінде өтесін. Сибанов Эльдар ҚР Қылмыстық кодексінің 368-бабы 2-бөліміне сәйкес кінәлі деп танылып, 10 324 000 теңге айыппұл төлесін. Аталған азаматтардың барлық мүліктері тәркіленсін.

Абзал ҚҰРМАНКИН