Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қазақстанда қарызын қайтара алмай жүрген борышкерлер саны 1 миллионға жеткен

AstanaTV
09.08.2016ж. 20:00
2286
Қазақстанда қарызын қайтара алмай жүрген борышкерлер саны 1 миллионға жеткен

Елімізде коллекторлардың құзыреті шектелмек. Ұлттық банк борышкер, банк және қарызды қайтарушы компаниялар арасындағы үш жақты жұмысты реттейтін заң жобасын қарастырып жатыр. Жаңа заң жобасы бойынша коллекторларға борышкерлерге күніне бір мәрте және жұмыс уақытынан тыс мезгілде хабарласуға рұқсат етіледі. Және қорқытып, үркітуге, дөрекі сөйлеп, күш қолдануға қатаң тыйым салынады. Коллекторлық компания қызметкерлеріне тек банк алдында қарызы бар адамды тауып, борышты өтеу мерзімі туралы есіне салу ғана рұқсат.

Нұрлан Әбдрахманов, ҚР Ұлттық банкі департаментінің директоры:

Коллекторлардың адамның абыройы мен ар-намысына нұқсан келтіретін мәліметті таратуға және азаматтың жеке бас бостандығына қол сұғатын заңсыз әрекеттерге баруына жол берілмейді. Коллекторлардың борышы бар адамды келісімдегі міндеттерін орындату үшін өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге баруына, бопсалауға тыйым салынады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ