Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

19 жастағы жігітті 19 жерінен пышақтап өлтірген

AstanaTV
06.01.2023ж. 20:00
5770
19 жастағы жігітті 19 жерінен пышақтап өлтірген

Жамбыл облысында 19 жастағы жігітті 19 жерінен пышақтап өлтірді. Жастардың жанжалына махабат сезімі себеп болған көрінеді. Төрт жігіт жабылған. Ауруханада көз жұмған Алмас Әміровтың туыстары кінәлілер бостандықта жүр деп қынжылып отыр. Тараптарды тыңдап қайтқан тілшіміз тарқатсын.

Қанды қылмыс жаңа жылға бір күн қалған түні болған. Мына сауда үйінің алды қанға боялған. Алмас Әміровті ауыл жастары әңгімеге шақырыпты. Ол Алматы қаласынан Меркіге махаббат хикаясының мәселесін шешуге келген көрінеді. Бірақ сөзге келместен төрт жігіт жабылып соққыға жыққан. Туыстары кәнілілер жазасын алуы керек дейді. Олар көп нәрседен күдіктеніп отыр.

Дидар ӘМІРОВ, МАРҚҰМНЫҢ АҒАСЫ:

Баяғы қызы болған ғой сол. Қызғаныш па деп ойлап отырмыз. Біз 99 баптың, 2-ші тармағы, 7-ші тармақшасына сәйкес іс жүргізуін сұраймыз. Себебі бұл жерде алдын ала дайындалып, групповой болғаны анық көрініп тұр. Бір адамды қамаған, қалғанын босатып жіберген.

Лаура ӘМІР, МАРҚҰМНЫҢ ҚАРЫНДАСЫ:

Кәдімгідей бір шұңқыр сияқты болып тұр, ол пышақтың ізіне келмейді, Біздің пайымдауымызша ол жерде бір пышақпен істеген жоқ деп тұрмыз және оны бір адам істеген жоқ деп тұрмыз.

Ал полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген бір күдіктіні қамауға алған. Қалғандарын қолхатпен босатып жіберіпті. Оған тергеу барысында құқықтық баға беріледі деп түсіндірді.

Алмас САЛАМАТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Орын алған жанжалдың барлық қатысушылары анықталды. Жиналған дәлелдемелер негізінде, пышақпен бірнеше рет ұрған 17 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Марқұмның туыстары енді екі аптадан кейінгі сараптама қорытындысын күтіп отыр. Ал қыршын кеткен Алмас отау құруға ниеттеніп, 27 қаңтарға беташар той болады деп жоспарлап қойыпты. Оған дейін қалыңдықты таныстырам деп анасына уәде беріп қойыпты. Өкінішке орай жастардың жоспары жүзеге аспады.

Б. Жұмабай