Қызылжар өңірінде ірі жол-көлік апаты болды. Ниссан, Тойота мен Ауди көліктері соқтығысып, салдарынан 36 және 17 жастағы екі адам қайтыс болды. Соққының қатты болғаны сонша, екі көлік те жолдан ұшып кеткен. Алты адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Облыс аумағында мұнан өзге тағы үш ірі жол апаты тіркелді. 12 адам зардап шеккен. Қазір полицейлер іс қозғап, оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.
Баян БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Ауа-райы бұзылып, температураның күрт төмендеуіне байланысты облыстың сегіз ауданында облыстық маңызы бар жолдар жабық және екі республикалық жолда дизельдік және қоғамдық көліктерге шектеу енгізілген.
А. Құрманкин