$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде қатты аяздан 35 адамды үсік шалған

AstanaTV
12.01.2023ж. 20:00
2866
Ақтөбеде қатты аяздан 35 адамды үсік шалған

Ақтөбеде қатты аяздан үсік шалған 35 адам ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуінің жағдайы- орташа ауыр. Сондай-ақ, үш күнде 52 адам мұзға тайып құлап, дәрігер көмегіне жүгінген. Соңғы тәуліктерде өңірде ауа температурасы күндіз 30-35, түнде 40-41 градус боп тұр. Қаладағы жалғыз жарақатқа жәрдем беру бекеті күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр. Мұнда келіп жатқандардың көбі - қолы мен құлағын үсітіп алған.

Абзал ҚАДЫРБАЕВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ-ДӘРІГЕРІ:

Көбіне көп саусақтары үсіп келеді. Бізде сол жақ беті үскен. Сосын 2 адам құлақтың ұштары үсіп қалған. Себебі мынадай қатты аязда сырғамен жүрген. Құлақтың ұшы ашық болған соң темір қатты салқындайтын болған соң, құлақтың ұштары үсіп екі адам.

Қарағандыда да қол- аяғын үсітіп алғандар көбейді. Аяз күшейгелі соңғы екі аптада 13 адам осындай диагнозбен ауруханаға түскен. Оның 6 –ауына операция жасалған. Бұл науқастардың қол- аяқтарына ауыр зақым келгендіктен дене мүшелерінен айырылуы мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, тұрғындар әдетте медициналық көмекке тым кеш жүгінетіндіктен үсіктің салдары ауыр болады.

Ерік ШОНБАЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТРАВМАТОЛОГИЯ ҚЫЗМЕТІ АХУАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Өкінішке қарай, кейде зақымданған қол- аяқ, саусақтарды алып тастауға тура келеді. Өйткені науқастар бізге белгілі бір уақыт өтіп кеткен соң тым кеш 2-3 күннен кейін қатты ауырсыну сезілген соң ғана түсіп жатады. Бұл кезде тек радикальды операция ғана адамға көмектесе алады.

Б. Рахметова