Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Е. Қошанов Ақтөбе облысының шаруаларымен «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асу барысын талқылады

AstanaTV
17.01.2023ж. 20:00
2133
Е. Қошанов Ақтөбе облысының шаруаларымен «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асу барысын талқылады

Президенттің ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі Сайлауалды бағдарламасы бойынша Ақтөбе облысы алғашқылардың бірі болып жұмыс бастады. Оған «AMANAT» партиясы белсенді атсалысуда. Партия Төрағасы Ерлан Қошанов өңірдегі шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесіп, «Ауыл аманаты» жобасын талқылады. Алдағы 7 жылда елдімекен тұрғындарының табысын арттыруға 1 триллион теңге бөлу жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығында 350 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ. «Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алудың ыңғайлы, әрі жылдам жолдары қарастырылған. Электронды цифрлы қолтаңба арқылы арнайы цифрлық платформада онлайн өтінім беруге болады. Сонымен қатар, егер бұрын несиені мақұлдау мерзімі үш аптаға созылса, қазір үш сағаттың ішінде жауабы шығады. Партия Төрағасының қатысуымен, Тәңірберген ауылының тұрғыны, жеке шаруашылық иесі 4 млн теңгеге тауарлық несие рәсімдеді.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ауылға деген көзқарасты бүгін түпкілікті өзгертетін уақыт келді. Сондықтан мемлекет басшысы өзінің сайлау алды бағдарламасында ауыл мәселесін бірінші кезекке қойып отыр. Бүгін басталғалы отырған «Ауыл аманаты» жобасы да осының дәлелі. Ауыл халқының тұрмысын жақсартуға, табысын арттыруға барлық әлеуметтік мәселелерді шұғыл шешуге бағытталған нақты жоба. Бір сөзбен айтқанда мемлекет бүгінде ауылға түпкілікті бет бұрыс жасап отыр.

А. Базарбай