Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Елордада елімізге танымал ақын-сазгерлерге арналған кеш өтті

AstanaTV
26.01.2023ж. 20:00
1005
Елордада елімізге танымал ақын-сазгерлерге арналған кеш өтті

Елордада «Сөз бен саз» бағдарламасының 70-ші «Шалқымалы» атты концерті өтті. Онда елімізге танымал ақын-сазгерлердің әндері орындалды. Шараға ұлттық әскери-патриоттық орталығы қолдау көрсетті. Мақсат - өскелең ұрпаққа қазақ әндерін насихаттау және композиторларға құрмет көрсету дейді ұйымдастырушылар.

Бердіхан ӘЛМЕН, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Әншіні танытатын кім? Ақын мен композитор. Олар туралы біз білмейміз. Күнделікті айтылып жүрген әннің авторлары ма, өмірден өтіп кеткен ба? Қасымызда отыр ма? Оны біле бермейміз. Бүгін тап бүгінгі мақсатымыз Қазақстанға белгілі 4 композитор Қ. Тұрмағанбетұлы, С. Нұрғожаев, К. Ыбрайұлы және Т. Атшыбаевтардың әндеріне арналған кеш. Енді өкінішке орай бұл 3 композитор өмірден өтіп кеткен. Ал бір композитор К. Ыбрайұлы арамызда.

Көмек ЫБРАЙҰЛЫ, АҚЫН-САЗГЕР, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЛАШ ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ:

Ұлықпандар айтатын «Сағымсың ба, сен?», сосын Айгүл Қосанова айтатын әндер кейбір «Бір шағала», «Құрбы қыздарға» дейтін әндер. Ақылбек Жеменей айтатын ол да бір екі әнімді айтады сағыныш лебі тағы да басқа. Сол сияқты бірнеше адамдар менің әнімді айтады.

Д. Оңласын