Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Мега» ойын-сауық орталығы құрылысына жұмсалатын зейнетақы қорындағы қаражат ең сенімді тетіктермен қорғалған - Б.Жәмішев

AstanaTV
17.08.2016ж. 20:00
3851
«Мега» ойын-сауық орталығы құрылысына жұмсалатын зейнетақы қорындағы қаражат ең сенімді тетіктермен қорғалған - Б.Жәмішев

"Эскпо-2017" аумағындағы MEGA Silk Way ойын-сауық орталығының құрылысына зейнетақы қорынан бөлінген қаражат ең сенімді тетіктермен қорғалған. Бүгін арнайы брифинг өткізген "Қазақстанның даму банкі" басшысы Болат Жәмішев осылай деді. Қор қаражаты қалай қайтарылады? Мөлдір Бақытқызы тарқатады.

Зейнетақы қорындағы қаражаттың "Экспо" аумағындағы құрылысқа жұмсалатыны өткен аптада біраз жұртты дүрліктірді. Әсіресе, оның "Мега" ойын-сауық орталығын салуға бөлінгені тіпті таңдай қақтырған. Қазақстанның даму банкі Зейнетақы қорынан 171 млрд алған. Оның 15 млрды "Экспо" құрылысына қалай бөлінгені туралы, бір апта өткен соң, Жәмішев түсіндірді. Оның айтуынша, несие "Бәйтерек Девелопмент" арқылы 15 жылға берілген. Есесіне "Бәйтерек" өз есеп-шотындағы қаражатты кепілге қойыпты. Бұл банк секторында ең қауіпсіз қаржылық әдіс, яғни тәуекелсіз тәсіл болып есептеледі, дейді. Демек, MEGA Silk Way жобасы қарызды қайтара алмаса, зейнетақы қорына тиесілі ақша "Бәйтеректен" ұсталады.

Болат Жәмішев, "Қазақстанның Даму банкі" АҚ басқарма төрағасы:

Банк тәжірибесінде кепілдік есеп-шоттағы ақша ең тиімді және қауіпсіз тәсіл. Сондықтан бұл жобаға құйған қаражаттың қауіпсіздгі сенімді болып есепетеледі. Банктің портфеліндегі басқа жобалараға қарағанда.

MEGA Silk Way аумағы 140 мың шаршы шақырым екі қабатты ойын-сауық орталығы. Батыс бөлігі Назарбаев университетімен, шығысы "Экспоның" негізі павильонымен шектеседі. Осыдан екі жыл бұрын "Нұр плаза" атала жаздаған. Белгілі бизнесмен Нұрлан Смағұлов жобаны таныстыру кезінде "жалпақтауды өмірдің өзі үйретті" дегені ел есінде. Сөйтіп "Мега" дүкендер желісінің қожайыны Президенттен бастап, бәрін күлкіге қарық қылған еді.

-У нас есть вариант. Если Вы разрешите, с вашей легкой руки мы хотим назвать - Нур - Плаза.

- Где ты научился вот так подмазываться?

 - Жизнь научила. Это хорошее название, Нурланов здесь много.

"Экспо" аумағында алып құрылыс салып жатқан Нұрлан Смағұлов биыл "Мега Астана" мен "Мега Ақтөбесін" сатып жіберді. Бизнесмен табысты жобаларды қаражат қажет болғандықтан, қиғанын түсіндірген. Ал Жамішев: "Екінші деңгейлі банктер ұзақ мерзімді жобаларды қаржыландыра алмайды. Қазір ақша жоқ",- дейді. Оған қоса инфрақұрылымдық және туристік жоба ретінде ойын-сауық орталығы зейнетақы қорына қолқа салуға құқылы дегенді айтты. Экономист Айдархан Құсайынов: "Зейнетақы қорындағы қаражаттың түрлі жобаларға инвестицияланатыны қалыпты жағдай. Тек қаржы қайтарымы жоғары, табысты жобаларға құйылуы керек", - дейді.

Айдархан Құсайынов, экономист:

Зейнетақы қорындағы қаражат текке жатпай жұмыс істеуі керек. Ол "Экспоға", болмаса басқа жобаларға салынады. Ақша босқа жатып, өспейтіні белгілі. Оны бәрібір біреулерге береді. Ал кіріс пен қайтару тәуекелі бар - бұл қалыпты қаржылық инструмент. Оны қарызға беру де солай. Ал оны қайтарымы жоғары жобаларға құю - ол бөлек әңгіме.

"Қазақстанның даму банкі"  зейнетақы қорындағы ақшаны нарықтық 14 пайыздық үстемақымен алып, MEGA Silk Way құрылысына 16,5 пайызбен қарызға берген. Жыл сайын 1,5 пайыздық өсіммен 15 жылда қайтады. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ