Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Атырауда «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХХII конференциясы өтті

AstanaTV
30.03.2016ж. 20:00
3177
Атырауда «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХХII конференциясы өтті

«Нұр Отан» партиясының жаңа сайлауалды бағдарламасының көрсеткіштері 1 мамырға дейін нақтыланады. Сөйтіп саяси науқанда жеңіске жеткен партия сайлаушылар алдындағы міндеттерін орындауды жалғастырмақ. Бұл туралы партияның Атырау облыстық филиалының кезектен тыс 22-шы конференциясында партия төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов айтты. Конференцияда бас қосқан партия белсенділерін саяси науқандағы жеңісімен құттықтап, алдағы міндеттерді айқындады.

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалында жаңа басшы. Конференция делегаттары бір ауыздан жақында тағайындалған облыс әкімі Нұрлан Ноғаевты сайлады.

Партияның кезектен тыс конференциясына жиналған делегаттардың көңіл-күйі ерекше. Өйткені сайлау науқанында атыраулық сайлаушылардың 85 пайызы «Нұр Отан» партиясына дауыс берді. Үш тілде білім беретін мектеп-гимназияның мұғалімі Елене Пересыпкина - саяси додада партияның жеңісіне сенгендердің бірі. «Нұр Отанның» сайлауалды бағдарламасы мен атқарған істері бір жерден шығып келеді,- дейді ұстаз.

Елена Пересыпкина,  мұғалім, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі:

«Нұр Отан» партиясының басты басым бағыты білім беру саласы мен ғылым екенін білеміз. Сондықтан Елбасы партияның 17-ші съезінде жаңа бағдарлама жасақталып, жүзеге асатынын айтты. Онда 2017 жылдан бастап кәсіби-техникалық білім тегін берілетіні, ал 2019 жылдан бастап мектеп түлектері мамандықтарын алып шығатыны айтылды. Біз мақтанамыз. Соңғы жылдары біздің Қазақстан  өркендеп, дамып келеді. Бұл - Елбасының, оның  жүргізген саясатының жемісі.

Атыраулық әріптестерінің белсенділігіне Асқар Мырзахметов алғыс білдірді. «Нұр Отан» партиясының жеңісі мемлекет басшысы саясатына берілген баға» деген ол, партия алдында тұрған басты міндеттерге тоқталды. Партия бюджеттің тиімділігін арттыру үшін «Нұрлы жол» бағдарламасы және мемлекеттік, өңірлік бағдарламаларға партиялық бақылау мен бағалауды күшейтпек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалғасады.

Бастысы -  елдің бірлігі мен ұлтаралық татулықты нығайтатын «Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» бағдарламасы басты назарда болады. Жаңа сайлауалды бағдарламаның нақты көрсеткіштері үкіметпен, министрліктермен келісіле отырып, 1 мамырға дейін нақтыланбақ. Партия жетекшісі айқындаған бұл басымдылық бойынша жұмыс атқаруға Атырау облыстық филиалы тас түйін дайын отыр.

Ерболат Бектеміров, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Елбасы саяси кеңес бюросында нақты тапсырма берген болатын. Олар бес ауқымды реформа, сайлауалды тұғырнамамыз және Ұлт жоспарды орындауға нақты тапсырма берген болатын. Осы бағытта бізде нақты осы мәселе қаралды. Алдағы уақытта елімізде индустриализация дейміз және шағын орта бизнестің деңгейін көтеру мәселесін қолға алатын боламыз. Алдағы уақытта партияластармен бәріміз бірігіп, жұмыс атқарамыз деп сендіреміз.

Жаңа сайлауалды бағдарламаның нақты көрсеткіштері үкіметпен, министрліктермен келісіле отырып, 1-ші мамырға дейін нақтыланбақ.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ