Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Нұр Отан» партиясы Қазақстанның тарихи толқынында» атты оқу құралы жарыққа шықты

AstanaTV
30.03.2016ж. 20:00
1555
«Нұр Отан» партиясы Қазақстанның тарихи толқынында» атты оқу құралы жарыққа шықты

Бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясы Қазақстанның тарихи толқынында» атты оқу құралының тұсаукесері өтті. Оқулықты бас партияның Саяси менеджмент мектебі ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасымен бірлесіп шығарған. Оқу құралында елдің жетекші саяси күшінің феномені -  Қазақстан Тұңғыш Президентінің партиясына алғаш рет кешенді талдау жүргізілген. Сондай-ақ, партия қызметінің қалыптасуы, күшейту және ұйымдастырудың басты мәселелері, партия құрылымының теориясы мен тәжірбиесі ашық көрсетілген. Жиынға қатысушылар оқу құралы тек партия мүшелеріне емес, басқа да қоғам мүшелеріне қызықты болатынын айтты.

Жапсарбай Қуанышев, ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы директорының орынбасары:

«Нұр Отан» партиясының қалыптасуындағы Елбасының, партия көшбасшысының орны жан-жақты көрсетілген. «Нұр Отан» партиясының тарихындағы болып жатқан процестер, оның феноменін көрсететін және партия қызметкерлеріне үлкен септігін тигізетін құрал болып есептеледі.

Шахмардан Байманов, «Жас Отан» ЖҚ төрағасы:

Оқу құралы жасотандықтарға және жастарға үлкен бір тәрбиелік септігін тигізеді. Оқимын, көрем деген жастарға бұл оқу құралы толық беріледі, сонымен қатар әлеуметтік желілер де таратылатын болады. 

Берік ХАСЕНОВ