$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атыраулық әйел баласын аукционмен сатып жіберген

AstanaTV
03.02.2023ж. 20:00
1490
Атыраулық әйел баласын аукционмен сатып жіберген

Атыраулық әйел сәбиін аукционмен сатып жіберген. Ол баланың әкесіне нәрестенің қайтыс болғанын айтып, өзі сатып алушыларды іздепті. Екі сатып алушыны тауып, көбірек ақша берген адамға баласын ұстатып жіберген. Безбүйрек ана Батыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғыны көрінеді. Тіпті келіншектің бұған дейін де баласын сатқан болуы мүмкін деген ақпарат бар. Полиция департаменті ақпаратты растады. Қазір «Кәмелетке толмағандардың саудасы» бабымен іс қозғалды. Күдікті әзірге баласының жанында, бостандықта.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазіргі таңда 1991 жылы туған күдіктіге қатысты ҚК 135-бабы, 2-бөлігі,2-тармағына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-биологиялық сараптама тағайындалды балаға және анасына. Сондай-ақ қазіргі таңда куәгерлерден жауаптар алынды. Өзге ақпапаттар ҚПК 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Б. Нәдірқызы